Жаңалықтар
55 мың адам зейнетақы жинағы арқылы ипотекасын жапты
- авторjambylinfo.kz
- 19 мамыр, 2021
- 252
55 мың адам зейнетақы жинағы арқылы ипотекасын жапты
«Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, зейнетақы жинағын уақытынан бұрын алған 200 мың адамның 55 мыңы ипотекасын жапқан.
«Бізде бірыңғай зейнетақы жинағынан 200 мың адам ақшасын алды. Олар 950 млрд теңгені алып, пайдаға жаратты. Байқасаңыз, алынған сома 1 трлн теңгеге таяп қалды. Зейнетақысынан ақша алған адамдардың әрбір үшіншісі (950 млрд теңгенің – 70 пайызын) қаражатты толық сатып алу үшін жұмсады. Бұған дейін ипотекалардың өсімі жағынан, мерзімінен бұрын қарызды жабу бойынша әртүрлі болжамдар айтылған еді. Әйтсе де 55 мың адам сол ақшаны пайдаланып, ипотеканы уақытынан бұрын жапты. Ол қажеттілікке 200 млрд теңге жұмсалды», деді Ләззат Ибрагимова онлайн режимде VIII CFO саммитінде.
Сонымен қатар ол зейнетақы жинағын пайдаланып, 11 мың адам жаңадан ипотека (70 млрд теңге) алғанын тілге тиек етті.
«Шынында да, қаңтар, ақпан және наурыз айларында ақпараттық аномалия жүрген секілді. Ұлттық статистика бюросы әртүрлі сандарды жариялады. Оған сенудің аса қажеттігі жоқ. Коррекция меніңше, жылдың екінші жартысында жүреді. Жалпы біздің банкте жылына 300 мыңға тарта келісімшарт жасалады. Әйтсе де зейнетақы жинағының пайдаға жарауына байланысты бұл өсім 80 мыңға артты. Десек те, келісімшарттардың бұл деңгейде көтерілуі – баспана нарығына аса бір төңкеріс әкеле қоймайды. Жылдың екінші жартысында қалыпты коррекция пайда болады», дейді ол.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жамбылда үш күнде жол ережесі 1400 мәрте бұзылған
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024