сенбі, 23 қараша, 2024 12:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

5500-ден астам жамбылдық вакцина салдырды

5500-ден астам жамбылдық вакцина салдырды
ашық дереккөзі
5500-ден астам жамбылдық вакцина салдырды
Жамбыл облысында бүгінге дейін өз еркімен өтініш білдірген 5540 түрлі сала қызметкері ерікті түрде екпе салдырған. Олардың қатарында ақ халаттылар, құқық қорғау органдарының және білім саласының қызметкерлері бар. Бұл туралы өңірлік коммунииялар қызметі ақпарат алаңында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтып берді. Аймақтың бас дәрігерінің мәліметінше, бүгінде облыста Спутник V вакцинасының 1 компонентімен барлығы 5540 адам қамтылған. Oлардың 72,8 пайызы жоғарыда айтылған медицина қызметкерлері, 19,8 пайызы – ұстаздар. Сондай-ақ, 26 Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция департаментінің қызметкері, 10 студент, 1 әлеуметтік мекеменің қызметкері, 11 мемлекеттік қызметші және 359 түрлі санаттағы адамдар екпе алған. Бүгінгі күні екпе салдырғандардың денсаулығы қалыпты. Кері әсерлері туралы шағымдар түспеген. «Вакцинаның 1-ші компонентімен егілген 5540 адамның ішінен 21 күннен кейін 846 адам вакцинаның 2 компонентін алды, оның ішінде 844 медицина қызметкері бар. Вакцина салғызғаннан кейін кері әсерлер мен асқынулар болатын жағдайлар тіркелген жоқ. Егу жұмыстары вакцинаның аймаққа келіп түсуіне қарай жалғасуда», — деді Ә. Қалиев. Айта кетейік, Жамбыл облысы бойынша биыл 18 жастан асқан 593 700 адамға COVID-19-ға қарсы екпе салынады. Бұл облыс халқының 52 пайызы деген сөз. Кейіннен халықтың қосымша осал топтарын қоса отырып, контингентті кеңейту жоспарлануда.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар