сенбі, 28 желтоқсан, 2024 6:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

6,5 млн сайлаушы дауыс берді

6,5 млн сайлаушы дауыс берді
ашық дереккөзі
6,5 млн сайлаушы дауыс берді
Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауда 6,5 млн азамат дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Оның атап өтуінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Астана уақытымен сағат 20:00-дегі жағдай бойынша өңірлер бойынша дауыс беру нәтижелері мынадай: 1. Абай облысы бойынша – 57,02% 2. Ақмола облысы бойынша – 60,01% 3. Ақтөбе облысы бойынша – 57,45% 4. Алматы облысы бойынша – 60,03% 5. Атырау облысы бойынша – 50,22% 6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,01% 7. Жамбыл облысы бойынша – 65,21% 8. Жетісу облысы бойынша – 55,32% 9. Қарағанды облысы бойынша – 59,48% 10. Қостанай облысы бойынша – 65,1% 11. Қызылорда облысы бойынша – 66,46% 12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,08% 13. Павлодар облысы бойынша – 58,68% 14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25% 15. Түркістан облысы бойынша – 53,01% 16. Ұлытау облысы бойынша – 58,99% 17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15% 18. Астана қаласы бойынша – 42,91% 19. Алматы қаласы бойынша – 25,82% 20. Шымкент қаласы бойынша – 45,46% «Елі бойынша нақтыланған деректерге сәйкес, сайлаушылар тізіміне 12 млн 35 004 сайлаушы енгізілді. Жалпы, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 509 695 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 54,09 пайызын құрайды», - деді Мұхтар Ерман. ОСК азаматтардың сайлау учаскелеріне келуі туралы соңғы ақпаратты елорда уақытымен сағат 22:10-да ұсынады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар