
Айта кетейік, 5 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,05 теңгеге төмендеп, 496,66 теңге болған.
Ұлттық банктің 6 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 496,71 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,55 теңге. Еуро — 531,33.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 500 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 497 теңге. Еуро 524 — 529 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 501 теңге, сатып алу құны — 495 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 526 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,41 — 5,56 аралығында саудаланып жатыр.
Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбылда инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды істер атқарылуда
- авторАрайлы Жақсылық
- 19 наурыз, 2025