Жаңалықтар

6 тамызда Үкімет отырысы өтеді

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Күн тәртібінде – жаңа оқу жылына дайындық барысы сөз болып, отырыс қорытындысы бойынша Үкіметтің баспасөз орталығында Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

 Сағат 10:00-де басталатын отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.