6 жасқа толған балалардың балабақшада қалуына мүмкіндік берілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 24 қыркүйек, 2025
- 430
Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында мәдениет пен білім саласына қатысты заң жобасы екінші оқылымда қаралды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Заң жобасында бірнеше маңызды мәселе қамтылған. Соның бірі – алты жасқа толған балаларды балабақшадан бірден шығармай, мектепке барғанға дейін сол мекемеде қалдыруға мүмкіндік беру.
Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, қазіргі кезде жиі кездесетін проблема – бала 6 жасқа толған күні-ақ балабақшадан шығарылып, ата-аналар қиын жағдайда қалатын. Мысалы, егер бала қаңтарда немесе көктемде 6 жасқа толса, оны балабақшадан шығарып жібереді, ал 1-сыныпқа тек қыркүйекте барады.
«Енді балалар 6 жасқа қыста толса да, жазға дейін балабақшада қала алады. Бұрын қаңтарда 6-ға толған балаларды бірден шығарып тастайтын жағдайлар жиі кездесетін. Ол ата-аналарға үлкен қиындық тудыратын. Енді бұл мәселе де шешілмек», – деді депутат.
Бұл түзету ата-аналар үшін үлкен жеңілдік болмақ. Жаңа норма заңмен бекітіліп, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінде маңызды мәселенің біріне нүкте қойылды.
Ұқсас жаңалықтар
Астанада Серік Еркімбековтің «Өмір желі» атты авторлық кеші өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2025
DAMUMED қызметтері бойынша заңбұзушылық анықталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2025





