6 жылға дейін сотталуы мүмкін: Жамбылда қорық аумағында ақбөкен аулағандар ұсталды
- авторjambylinfo.kz
- 17 қаңтар, 2023
- 189
Жамбыл облысында тәртіп сақшылары қорық аумағында ақбөкен аулағандарды ұстады.
Polisia.kz мәліметінше, Мойынқұм ауданының табиғатты қорғау полициясының инспекторлары “Охотзоопром” өңірлік басқармасының өкілдерімен бірлесіп, “Аңдасай” ерекше қорғалатын мемлекеттік табиғи аумағында “Ақбөкен” республикалық акциясын өткізу барысында ақбөкен аулаған екі адамды ұстады. Олар Мойынқұм ауданының 23 және 24 жастағы тұрғындары болып шықты. Тексеру кезінде ұсталғандардан ақбөкеннің кесілген еттері, екі аңшылық тегіс ұңғылы мылтық, оқ-дәрілер және пышақ табылып, тәркіленді.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігімен (Заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілер өз кінәсін толық мойындады. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Mailorder Bride The prices
Ұқсас жаңалықтар
Семейде көлік жүргізушісі ана мен баланы қағып кетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 қаңтар, 2025