дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 20:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

62 шөбере 4 шөпшегі бар: Жүзден асқан жамбылдық әже ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты

62 шөбере 4 шөпшегі бар: Жүзден асқан жамбылдық әже ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
ашық дереккөзі
62 шөбере 4 шөпшегі бар: Жүзден асқан жамбылдық әже ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Рабиға Нұрбаева 1922 жылдың 1 қаңтарында Қырғыз Республикасының Талас облысы Жонарық ауылында дүниеге келген. Кезінде мал шаруашылығымен айналысқан, балабақшада тәрбиеші қызметін атқарып, бала тәрбиелеумен де айналысқан. Қазақтың азаматы Әбдіжәліл Нұрбаевпен отбасын құрып, қазақтың келіні атанған сәттен бастап жүрегі қазақ деп соғып келеді. Қырық жыл бойы отасқан өмірлік серігі екеуі төрт ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірген. Бүгінде ұл-қызынан 7 немере 62 шөбере 4 шөпшек сүйіп саялы бәйтерекке айналған әженің айтары да жоқ емес. "Мен үшін өмірдің мәні – татулық пен бірлікте. "Отан отбасынан басталады" демекші, ең бірінші отбасы мүшелері бір-бірімен тату болуы керек. Одан кейінгі ең бір маңызды дүние – адал еңбек ету. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңды маңдай теріңді төгіп, адал жұмыс істеп бағып-қаға білсең, оның өзі зор бақыт. Өмір бойы адалдықты ұстанған жандардың ақысын Алла да жемейді," – дейді кейуана. Өмір бойы еселі еңбек ету арқылы еріне қолдау көрсеткен ардақты ана ұрпағының бойына ең бірінші адалдықтың дәнін сепкенін айтады. Содан болар, балалары да ата-анасын жерге қаратпай, үмітін ақтап келе жатыр. Рабиға Нұрбаева 1922 жылдың 1 қаңтарында Қырғыз Республикасының Талас облысы Жонарық ауылында дүниеге келген. Кезінде мал шаруашылығымен айналысқан, балабақшада тәрбиеші қызметін атқарып, бала тәрбиелеумен де айналысқан. Қазақтың азаматы Әбдіжәліл Нұрбаевпен отбасын құрып, қазақтың келіні атанған сәттен бастап жүрегі қазақ деп соғып келеді. Қырық жыл бойы отасқан өмірлік серігі екеуі төрт ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірген. Бүгінде ұл-қызынан 7 немере 62 шөбере 4 шөпшек сүйіп саялы бәйтерекке айналған әженің айтары да жоқ емес. "Мен үшін өмірдің мәні – татулық пен бірлікте. "Отан отбасынан басталады" демекші, ең бірінші отбасы мүшелері бір-бірімен тату болуы керек. Одан кейінгі ең бір маңызды дүние – адал еңбек ету. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңды маңдай теріңді төгіп, адал жұмыс істеп бағып-қаға білсең, оның өзі зор бақыт. Өмір бойы адалдықты ұстанған жандардың ақысын Алла да жемейді," – дейді кейуана. Өмір бойы еселі еңбек ету арқылы еріне қолдау көрсеткен ардақты ана ұрпағының бойына ең бірінші адалдықтың дәнін сепкенін айтады. Содан болар, балалары да ата-анасын жерге қаратпай, үмітін ақтап келе жатыр.   Дереккөз: Stan.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар