Жаңалықтар

«67 мың теңге айлықты адам 30 күнге қалай жеткізеді»: Ринат Зайытов шенеуніктерге хат жазды

«67 мың теңге айлықты адам 30 күнге қалай жеткізеді»: Ринат Зайытов шенеуніктерге хат жазды

Ақын, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Ринат Зайытов күннен күнге кедей күйге түсіп бара жатқан халықтың әлеуметтік мәселесін көтеріп, бір топ шенеунікке хат жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы. Ринат Зайытовтың өзі Алатау театрының директоры. Хатын ол Премьер-министр Әлихан Смайыловқа, Президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеуге, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринге, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға және Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевқа жолдады. Хатын ол әлеуметтік желіге жариялады.

Ақын президентті ұлықтау рәсіміне қатысқанын, бәрін өз құлағымен естігенін, сол үшін бір сұрақ қойғысы келетінін жазған.

Ринат Зайытов театрдағы қызметкерлердің жағдайы күннен күнге төмендеп бара жатқаны жанға бататынын атап өтеді.

Ринат Зайытов шенеуніктерден «осы ақшаны аталған адамдар 30 күнге қалай жеткізеді?» деп сұрайды.

Еске сала кетсек, осы жылдың жазында Ринат Зайытов Ulysmedia.kz порталына сұхбат беріп, елдің әлеуметтік мәселелері жөнінде өткір ойларын айтқан еді.