Жаңалықтар

67 жастағы әйел 5-қабаттан құлап қайтыс болды

67 жастағы әйел 5-қабаттан құлап қайтыс болды

18 сәуір Петропавл қаласы ПБ-ның кезекші бөліміне Н. Назарбаев көшесіндегі үйдің терезесінен 5-қабаттан 67 жастағы әйел құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл факт ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазір істің мән-жайларын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.