Жаңалықтар

«-8 градус аяз, қар, жаңбыр»: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

«-8 градус аяз, қар, жаңбыр»: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидрометтің» мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. 

Болжам бойынша жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. 8-9 қарашада елдің оңтүстігінде, 9 қарашада оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман түседі деген болжам бар. Сондай-ақ солтүстік-батыс, солтүстік пен орталықта түнде 0-8°С-тан 0+5°С-қа дейін, шығыста -2-13°С-тан 0-8°С-қа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста -2+5°С-тан +3+10°С-қа дейін жылы болады.