8 наурыз қарсаңындағы ауа райы: жел мен жауын-шашын күтіледі
Осылайша, 8 наурыз мерекесі қарсаңында тұрғындарды тұрақсыз ауа райы күтіп тұр.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, Халықаралық әйелдер күніне жақын күндері елімізде жауын-шашын мен екпінді жел күтіледі, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
"Қазгидромет" мамандарының мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстан аумағында солтүстік-батыс циклондардың ықпалы сақталады.
Бұл үрдіс солтүстік өңірлерде ауа температурасының көтерілуіне, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынның түсуіне, сондай-ақ қатты желдің соғуына алып келеді. Дегенмен, оңтүстік аймақтарда да жылы ауа райы сезіле қоймайды.