8 жасар қазақ баласы шахматтан Латвияның экс-министрін жеңді
8 жасар қазақ баласы шахматтан Латвияның экс-министрін жеңді
Алматыда өтіп жатқан блиц және рапид бойынша әлем чемпионатының аясында 8 жасар шахматшы Кәрім Айтжан Латвияның экс-министрі, гроссмейстер Дана Рейзнице-Озоланы жеңді. Әлем чемпионаты кезінде латвиялық шахматшы Алматы және Астана академияларының 24 студентімен ойнаған. Оның 8 жастағы отандасымызбен ойыны ең ұзаққа созылған ойынның бірі болған. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы хабарлады.
Кәрім Айтжанның өзі де жеңісі туралы айтты.
Гроссмейстер Рейзнице-Озола – ФИДЕ басқарушы директоры. Бұрын ол Латвияның экономика және қаржы министрліктерін басқарған.