Жаңалықтар

800-ден астам мұғалім біліктілік санатын көтеру үшін тест жауаптарын сатып алған

800-ден астам мұғалім біліктілік санатын көтеру үшін тест жауаптарын сатып алған

Елімізде 800-астам мұғалім біліктілік санатын және жалақысын көтеру үшін тест жауаптарын сатып алған. Олардың арасында қарапайым мұғалімдер де, мектеп пен колледж басшылары да бар, деп хабарлайды Жамбылинфо  Ulysmedia.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. Ұстаздар 150 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі аралықта ақы төлеген. Оларға тест жауаптарын сатқан Ақтөбе облысындағы компания болып шықты. 2022 жылдан бастап ақша үшін аттестаттаудан тек осы өңірдің педагогтары ғана емес, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Түркістан облысының, сондай-ақ Жетісу мен Ұлытаудың мұғалімдері де өткен. Олардың көпшілігі өз орындарында жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды otyrar.kz. Мамандар аталған жүйені өзгерту керек деп дабыл қағады. Егер мұғалім аттестаттаудан өтпесе, онда өз санатын жоғалтады. Сондықтан олар заңды бұзуға мәжбүр.

Депутаттар да аталған мәселеге алаңдаушылық білдіруде. Олар мұғалімдер заң бұзушылыққа жаппай жүгінгендіктен, тестілеу жүйесінде проблемалар барын айтады.

Енді аттестаттау форматы өзгереді, бірақ сұрақтардың өзгеретін-өзгермейтіні белгісіз. Мұғалімдер заңды айналып өту үшін алған барлық сертификаттарының күші жойылады. Мұғалімдер алған барлық жәрдемақыларын бюджетке қайтаруға мәжбүр болады.