Жаңалықтар

"87 адам суға кетті": ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Шомылу маусымы басталғаннан бері 87 адам, оның ішінде 35 бала суға батып кеткен

Қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарының нәтижесінде 50 күнде Қазақстандағы су айдындарынан 160 адам құтқарылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарды деп жазады, Jambylinfo.kz.

Сондай-ақ ТЖМ Судағы адамдардың өлімінің негізгі себептерін де жария етті:

  •   қараусыз қалу салдарынан суға батып қайтыс болған;
  • балық аулау кезінде суға батып кеткен;
  •   мас күйінде суға батып қайтыс болған;
  • өз күштерін асыра бағалап, жүзе алмау салдарынан суға батып қайтыс болған.

Бүгінгі күні суға шомылуға және демалуға  рұқсат етілген 708 орын бар, деректер «2GIS» платформасында орналастырылған.

ТЖМ балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөледі. Суға шомылу маусымы басталар алдында және оның барлық кезеңінде балаларға жүзуді, құтқару және алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйретеді. Бүгінгі күні 32 мыңнан астам бала жүзу дағдыларына үйретілді.

ТЖМ азаматтарды қайғылы оқиғаларға жол бермеу үшін судағы қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.