Жаңалықтар

9 айда ауыл шаруашылығына 598,9 млрд теңге инвестиция салынды

9 айда ауыл шаруашылығына 598,9 млрд теңге инвестиция салынды

2022 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 598,9 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрлігі жоспарлаған нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін барлық қажетті іс-шараларды қабылдап жатқанын айтты. Министрдің дерегінше, осы жылдың 9 айында жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 6,9 пайызға ұлғайып, 6,8 трлн теңгені құрады. Бұл өсім өсімдік шаруашылығы өнімі көлемінің 11 пайызға, мал шаруашылығы өнімінің 1,1 пайызға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.