жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 22:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"9 күнге 6 млн алдым". Дариға Бадықова "Келінжан" сериалынан түскен гонорарын айтты

"9 күнге 6 млн алдым". Дариға Бадықова "Келінжан" сериалынан түскен гонорарын айтты
ашық дереккөзі
"9 күнге 6 млн алдым". Дариға Бадықова "Келінжан" сериалынан түскен гонорарын айтты
Актриса Дариға Бадықова "Келінжан" сериалынан қанша теңге гонорар алғанын айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо  El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Белгілі актриса Дариға Бадықова өзінің сериалдан алған гоноранына көңілі толғанын жеткізді.
Жақсы табамын. Мен осы жерде айтайын. Продюсерлердің ішінде Гүлнұр Мамасарипова жақсы төлейді. Еңбегіңді жемейді. Келіскен бағаңды береді, - деді ол.
Подкаст жүргізушісі Асхат Садырбай актрисадан гонорары қалай есептелетінін сұрады.
Бізде 7 күнге осындай баға, 9 күнге осындай ақша деген келісім бар. Осы жолы 9 күнге 6 млн алдым, - деді Дариға Бадықова.
Осы сәтте жүргізуші "Жанар Айжановадан аз алады екенсіз. Ол күніне 1 млн алады екен", - деп айтты.
Жанар Айжанова алсын. Жанар апам алса, онымен үзеңгіліс актрисалар алып жатса, мен "біз де жетейік соған" деп айтамын. Ол кісінің осы өнерде қаншама еңбегі бар, - деді Дариға Бадықова.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар