9 жасар қазақстандық әнші Қырғызстанда жеңімпаз атанды
9 жасар қазақстандық әнші Қырғызстанда жеңімпаз атанды
Қырғызстанда өткен «KGтай» өнер фестивалінде 9 жасар қазақстандық әнші Нұржайна Таубалды жеңіске жетті. Арқалық қалалық мәдениет бөлімінің дерегінше, Нұржайна бірнеше елдің өнерпаздары қатысқан сайыста «Вокал» номинациясы бойынша 1-орынға ие болған. Нұржайна Таубалды - Арқалық қаласында туған. Бүгінде ол қалалық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Інжу-Маржан» тобының мүшесі. Кішкентай өнерпаз бұған дейін халықаралық және республикалық деңгейдегі конкурстарға қатысып, жүлдегер атанған. Ал, былтыр халықаралық «Алтын микрафон-2021» балалар ән байқауында ІІІ орын алған. Еске сала кетейік, бұған дейін 12 жастағы Әлинұр Хамзин Славян базары-2022 халықаралық балалар музыкалық байқауында лауреат атанғанын жазып едік.