Жаңалықтар
9 жастағы қызға тиіскен кондуктор 5 тәулікке қамалды
- авторjambylinfo.kz
- 25 қараша, 2023
- 211
9 жастағы қызға тиіскен кондуктор 5 тәулікке қамалды
Ташкентте 9 жастағы қызға тиіскен автобус кондукторы бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сот отырысында ол мұндай жағдай енді қайталанбайтынын айтты, - деп хабарлайды Жамбылинфо Massaget.kz. сайтына сілтеме жасап.
Зорлық-зомбылыққа қарсы Nemolchi.uz жобасының мәліметінше, бұл оқиға Ташкентте Ташкентте 3 қарашада болған.
Сағат 11:30 шамасында №115 автобустың 32 жастағы кондукторы 9 жастағы жолаушының жанына отырып, оның қолынан ұстап, сүйгісі келген. Қорқып кеткен қыз келесі аялдамада түсіп, үйдегі отбасына қысым көрсеткенін айтқан. Қыздың ата-анасы кондуктордың үстінен арыз жазған.
22 қарашада сот болып, кондуктор өз кінәсін мойындап, өкініп, енді бұлай істемейтініне уәде берді. Судья кәмелетке толмаған қызға тиіскені үшін бұл жеткілікті жаза деп шешіп, кондукторды 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарды.
Зорлық-зомбылыққа қарсы жобаның негізін қалаушы Ирина Матвиенко судьяның шешіміне қатысты пікір білдірді.
"Мен жағдайды толық түсіне алмаймын. 9 жастағы қыз автобуста келе жатыр. Мектепке немесе мектептен келе жатқан шығар. Қоғамдық көлікте келе жатыр, ол қауіпсіз болуы керек қой. Ересек ер адам қасына отырады. Баланың қолын алып, оны сүюге көндіре бастайды. Бұл қалыпты жағдай емес", - деп жазады Ирина.Ол балаға қатысты мұндай әрекетті жай ғана тиісу ретінде қарастырылмауы керегін айтты.
"Қылмыстық кодексте кәмелетке толмағандарға қатысты әдепсіз әрекеттер үшін 129-бап бар. Неліктен тергеушілер кондукторды қылмыстық бап бойынша жауапқа тартпағанынан сұрақ туындайды. Бірақ мен кейде судьялардың баптарды өзгертетінін немесе істерді қосымша тергеуге жіберетінін байқаймын. Егер тергеушілер қателессе, сот бұл қатені, кем дегенде, балаларға зорлық-зомбылық қатысты жағдайларда түзетеді дегенге сенген едім, - деп жазады Ирина.Ол бір жыл бұрын болған прецедентті еске алды: метрода кәмелетке толмаған қызды сипап кеткен ер адам Қылмыстық 129-бап бойынша сотталды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз