9 жастағы қызға тиіскен кондуктор 5 тәулікке қамалды
9 жастағы қызға тиіскен кондуктор 5 тәулікке қамалды
Ташкентте 9 жастағы қызға тиіскен автобус кондукторы бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сот отырысында ол мұндай жағдай енді қайталанбайтынын айтты, - деп хабарлайды Жамбылинфо Massaget.kz. сайтына сілтеме жасап. Зорлық-зомбылыққа қарсы Nemolchi.uz жобасының мәліметінше, бұл оқиға Ташкентте Ташкентте 3 қарашада болған. Сағат 11:30 шамасында №115 автобустың 32 жастағы кондукторы 9 жастағы жолаушының жанына отырып, оның қолынан ұстап, сүйгісі келген. Қорқып кеткен қыз келесі аялдамада түсіп, үйдегі отбасына қысым көрсеткенін айтқан. Қыздың ата-анасы кондуктордың үстінен арыз жазған. 22 қарашада сот болып, кондуктор өз кінәсін мойындап, өкініп, енді бұлай істемейтініне уәде берді. Судья кәмелетке толмаған қызға тиіскені үшін бұл жеткілікті жаза деп шешіп, кондукторды 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарды. Зорлық-зомбылыққа қарсы жобаның негізін қалаушы Ирина Матвиенко судьяның шешіміне қатысты пікір білдірді.
Ол балаға қатысты мұндай әрекетті жай ғана тиісу ретінде қарастырылмауы керегін айтты.
Ол бір жыл бұрын болған прецедентті еске алды: метрода кәмелетке толмаған қызды сипап кеткен ер адам Қылмыстық 129-бап бойынша сотталды.