Жаңалықтар

Ақ халаттыларға алғыс

Ақ халаттыларға алғыс

Ақ халаттыларға алғыс Медицина саласының қызметкерлері қай кезеңде де құрметке ие. Өйткені, ет пен сүйектен жаралған адам баласы үшін денсаулық баға жетпес байлық. Ал ауры асқынып, дерті дендеп, дауа іздеген жан дәрігерлердің көмегіне жүгінері хақ. Бұл ретте Гиппократ антын қабылдаған ақ халаттылар өз ісіне адалдық танытып, науқастың дертінен құлан-таза жазылып кетуі үшін барын салады. Сол себепті де, оларға деген алғыс бөлек, құрмет ерекше. Мәселен, №26 түзеу мекемесінде жазасын өтейтін сотталған азамат өңірлік ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Н.Қ.Рыспаевқа жазған хатында мекемедегі медициналық-сауықтыру тобының қызметкерлерінің көмегімен дертіне шипа тапқанын жеткізген. Ол өз сөзінде тіс қаққан тәжірибелі мамандар тез арада аяқтан тұруына зор ықпал жасағандықтан, ақ халаттыларға алғыс айтуды жөн деп санағанын жазған.