Жаңалықтар
Ақмола облысында белгісіз зат жарылысынан бір адам қаза тапты
- авторjambylinfo.kz
- 14 тамыз, 2022
- 228
Ақмола облысында белгісіз зат жарылысынан бір адам қаза тапты
Целиноград ауданы Тайтөбе кентінде жеке тұрғын үйге әкелінген көмірді сұрыптау кезінде белгісіз зат жарылып, салдарынан үй иесі, 1981 жылы туған ер адам қаза тапты.
Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Қазіргі уақытта полицейлер тергеп-тексеру шараларын жүргізіп жатыр.
Оқиға салдарынан үй иесінің 1977 жылы туған ағасы мен оның 2018 жылы туған кәмелетке толмаған ұлы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала