Жаңалықтар

Ақмола облысында екі көлік соқтығысып, үш адам тірідей жанып кетті

Ақмола облысында екі көлік соқтығысып, үш адам тірідей жанып кетті

Ақмола облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты қыркүйектің 24-інде «Степногор - Заводской» жолында болған. «Анықталғанындай, Заводской бағытында жүріп бара жатқан «Lada Kalina» көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Nissan Teana» көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан «Lada Kalina» көлігі өртеніп, жүргізушісі мен екі жолаушысы көз жұмды. Ал, «Nissan Teana» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Степногор қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды», - деді ведомстводан. Департаменттің баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынды.