Жаңалықтар

Ақмола облысында ұлы әкесін пышақтап кеткен

Ақмола облысында ұлы әкесін пышақтап кеткен

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 5 қарашада Көкшетау қаласының полиция басқармасына жедел медициналық жәрдем станциясы диспетчерінен қабылдау бөлімшесіне Көкшетау қаласының тұрғыны пышақ жарақатымен жеткізілгені туралы телефон хабарламасы түскен. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына дереу келген полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушінің уақытша жұмыс істемейтін 21 жастағы ұлы болып шықты. Оның денсаулығына байланысты бұрын психиатриялық есепте болғаны белгілі болды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды.