Ақмола облысында немересі 77 жастағы әжесін ұрып тастаған
Осы факті бойынша полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Ақмола облысында 77 жастағы әйелді соққыға жығу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Зейнеткерді өз немересі ұрған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әйелдің арызы 2025 жылғы 8 қаңтарда түскенін, енді 30 жастағы ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтты.