Жаңалықтар

Ақмола облысында жер үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты

The final spritzer

Өрт сөндірушілер апаттың себебін анықтап жатыр

Ақмола облысы Ақкөл ауданына қарасты ауылдардың бірінде өртенген жер үйден ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, өрттің себебі әзірге белгісіз. Өрт бүгін таңертең болған.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 18 ақпан күні Астанадағы көп қабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден өрт шығып, бір әйел қаза тапқан болатын.