Жаңалықтар

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты

Қайғылы оқиға 14 тамыз күні Көкшетау-Рузаевка автожолында болған. Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығышының арасында бетпе-бет соқтығысу болғаны анықталды. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртенді. Оқиға орнында 42 жастағы Lexus-тың жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Дереккөз: Полиция.кз телеграм парақшасынан