жексенбі, 20 сәуір, 2025 3:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақмола облысында жол апатынан зардап шеккен төрт жаяу жүргінші ауруханаға түсті

Ақмола облысында жол апатынан зардап шеккен төрт жаяу жүргінші ауруханаға түсті
Фото: gov.kz
Тергеу нәтижесіне сай процессуалдық шешім қабылданады.

Ақмола облысындағы Атбасар қаласында болған жол-көлік оқиғасынан кейін төрт жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«12 сәуір күні Атбасар қаласында «Мерседес» маркалы автокөліктің қатысуымен жол апаты болды. Апат салдарынан төрт жаяу жүргінші түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді», – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар