Жаңалықтар

Ақмолада 8 жыл бұрын жасалған қылмыс генетикалық сараптама арқылы ашылды

Молекулярлық-генетикалық сараптама оның сегіз жыл бұрын жасалған аса ауыр қылмысқа қатысы бар екенін дәлелдеді

Ақмола облысының тұрғыны шетелге кетпек болған сәтінде қолға түсті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

2017 жылы Аршалы кентінде 78 жастағы қария өлімінің басты күдіктісі ретінде қарастырылғанымен, сол кезде жеткілікті айғақ табылмаған. Алайда соңғы сараптама күдіктінің қан үлгілерінің қылмыс орнындағы пышақтан табылған биологиялық материалмен толық сәйкес екенін көрсетті.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.