Жаңалықтар
Ақмолада жұмыс істемейтін шахтада екі адамның денесі табылды
- авторjambylinfo.kz
- 17 қаңтар, 2023
- 235
Ақмолада жұмыс істемейтін шахтада екі адамның денесі табылды
Ақмола облысындағы Бестөбе кентінің жұмыс істемейтін шахтасындағы үйінділердің астынан екі заңсыз алтын іздеушінің денесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Степногорск қаласының полициясына «Центральная» шахтасы кенішінің диспетчерінен 520 көкжиекте кен үйінділерінің астынан екі адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Материалдарды алғашқы жинау барысында қаза тапқандардың жеке басы анықталды, олардың бірі – 1986 жылы туған Бестөбе кентінің тұрғыны, бірнеше жыл бұрын шахтада жұмыс істеген. Екіншісі Степногорск қаласының 35 жастағы тұрғыны», - делінген Ақмола облыстық полиция департаментінінің хабарламасында.Куәгердің, сондай-ақ заңсыз алтын іздеушінің айтуынша, ер адамдардың денесі үйілген кендердің астынан табылып, кейін басқа іздеушілердің көмегімен жер бетіне шығарылған.
«Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 269-1-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді (қорғалатын объектіге заңсыз кіру)», - делінген хабарламада.Қазіргі кезде тергеу ісі жалғасып жатыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Семейде көлік жүргізушісі ана мен баланы қағып кетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 қаңтар, 2025