сейсенбі, 25 наурыз, 2025 20:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақмолалық соғыс ардагері 100 жылдық мерейтойын атап өтті

Ақмолалық соғыс ардагері 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Фото: Ақмола облысы әкімдігі
Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Наурыз мерекесімен қатар, 22 наурыз күні Ақмола облысының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Арсений Андреевич Щудляк ғасырлық мерейтойын атап өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мерекелік шара Щучинск қаласында өтті. Құрметті ардагерді арнайы әскери оркестрдің сүйемелдеуімен құттықтады.

"Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып, онда ардагердің Жеңіске қосқан баға жетпес үлесі мен ел болашағы үшін жасаған еңбегі жоғары бағаланған", – делінген хабарламада.

Арсений Андреевич Щудляк 1925 жылы 22 наурызда Украин КСР-інің Каменец-Подольск облысындағы Карытно ауылында дүниеге келген. 1935 жылы отбасымен бірге Қазақстанға қоныс аударды. 16 жасында ұсталыққа шәкірт болып жұмыс істей бастады. 1943 жылдың ақпанында 18 жасқа толғанда майданға шақырылды.

127-атқыштар полкінің құрамында соғыстың соңына дейін шайқасты. 1945 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Жапонияға қарсы соғысқа қатысып, мерген ретінде ерлік көрсетті. Кейін 1945 жылдың қарашасынан 1946 жылдың наурызына дейін 18-мотоатқыштар бригадасында қызметін жалғастырды.

Арсений Андреевич ерлігі мен адалдығы үшін II дәрежелі "Отан соғысы" орденімен, Георгий Жуков медалімен, "Германияны жеңгені үшін", "Жапонияны жеңгені үшін" медальдарымен және басқа да мерейтойлық наградалармен марапатталған.

Демобилизациядан кейін Щучинск қаласындағы теміржол әскери күзетінде қарауыл бастығы болып еңбек етті. 1985 жылы зейнетке шықты.

Бүгінде ардагер үш баланың әкесі, алты немере мен тоғыз шөберенің ардақты атасы.

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар