Ақпарат комитетінің жаңа басшысы тағайындалды
Ақпарат комитетінің жаңа басшысы тағайындалды
Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетіне жаңа басшы тағайындалды. Бұл лауазымды енді 35 жастағы Мейірлан Раханов атқаратын болды, деп хабарлайды Жамбылинфо ақпарат агенттігі. ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Мейірлан Раханов 1988 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген. Еңбек жолын 2011 жылы Қарағанды қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінде бастаған. 2012 жылы Қарағанды облысының Салық басқармасының жетекші маманы болып жұмыс істеді. 201-2013 жылдары Қарағанды облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді. 2013-2016 жылдары – Ақпарат комитеті Баспа БАҚ басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы; 2016-2021 жылдары — ҚР Президентінің Баспасөз қызметінің сарапшысы, кеңесшісі, инспекторы; 2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы желтоқсанға дейін ҚР Президентінің Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.