сейсенбі, 1 қазан, 2024 14:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

АҚШ пен Түркияда ғана 130 мың қазақстандық маман еңбек етіп жүр

АҚШ пен Түркияда ғана 130 мың қазақстандық маман еңбек етіп жүр
ашық дереккөзі
АҚШ пен Түркияда ғана 130 мың қазақстандық маман еңбек етіп жүр
Қазақстаннан шетелге қоныс аударған білікті мамандардың базасын жасақтау басталды. Бұл туралы «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті Абзал Сапарбекұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат . «Соңғы жылдары елден жас, білікті мамандардың кету үрдісі тоқтар емес. Мысалы, тек қана АҚШ-тың өзінде 100-ден астам өте білікті ІТ-маман жүр. Өкінішке қарай, сырттағы бұл әлеуетті қолдана алмай отырмыз. Сырттағы түрлі саладағы мамандар мен тұлғалардың ортақ базасын жасаудың және олармен жұмыс істеудің нақты алгоритмі мен жобаларын ұсыну міндеті тұр. Осы ретте қоғам бұл бағытта толық база құруды бастады», - деді ол қордың жанындағы қоғамдық комиссияның отырысында. Айтуынша, кейінгі жылдары АҚШ пен Түркияда ғана 130 мың қазақстандық маман еңбек етіп жүр. «Сырттағы қазақтардың қатарына кейінгі жылдары шетелге кеткен жаңа қазақтарды қосуға болады. Мысалы, АҚШ-та 100 мыңға жуық, Түркияда 30 мыңға жуық, ал Еуропада10 мыңға жуық жаңа қазақстандық тұрып жатыр», - деді қордың президенті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар