Жаңалықтар

АҚШ Сбербанктің Қазақстандағы бұрынғы еншілес ұйымын санкциядан босатты

АҚШ Сбербанктің Қазақстандағы бұрынғы еншілес ұйымын санкциядан босатты

Бұрын "Тексакабанк" деп аталған банктің құрылымдары шектеулерден босатылды. 1993 жылы ұйым Қазақстан-Америка бірлескен банкі ретінде құрылды, алайда 2006 жылы оны Сбербанк сатып алды. Бір жылдан кейін "Тексакабанк" "Ресей Сбербанкі" Акционерлік қоғамының еншілес банкі" болып өзгертілді. Естеріңізге сала кетейік, Сбербанк Ресей Украинаға басып кіргелі бері бірнеше елдің санкцияларына ұшырады. Ресейлік компанияға қарсы шектеулерді ЕО-ға мүше елдер, АҚШ және Ұлыбритания енгізді.