жексенбі, 24 қараша, 2024 0:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

АҚШ-та маймыл шешегінен алғашқы кісі өлімі тіркелді

АҚШ-та маймыл шешегінен алғашқы кісі өлімі тіркелді
ашық дереккөзі
АҚШ-та маймыл шешегінен алғашқы кісі өлімі тіркелді
Техас дәрігерлері маймыл шешегіне шалдыққан пациенттің көз жұмғанын мәлім етті. Бұл – АҚШ-та осы ауруды жұқтырғаннан кейін болған алғашқы кісі өлімі, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. Көз жұмған азамат Харрис округінің тұрғыны болып шықты, ол бірқатар ілеспелі аурулардан зардап шеккен. Жергілікті денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хабарламасында айтылғандай, маймыл шешегі науқас өлімінің негізгі себебі болған-болмағаны әлі белгісіз. Патологиялық-анатомиялық сараптаманың нәтижелері кейінірек жарияланады. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын-алу федералды орталықтарының мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта елде маймыл шешегін жұқтырудың 18 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Ауруға шалдыққандар саны бойынша Калифорния және Нью-Йорк штаттары көш бастап тұр. Онда сәйкесінше 3 291 және 3 197 жағдай тіркелген. Техас штатында, соңғы мәліметтер бойынша, 1 604 адамнан маймыл шешегі анықталған. Бұған дейін әлемде маймыл шешегі ауруына шалдыққандар саны 20 пайызға азайғаны хабарланған болатын.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар