дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 4:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

АҚШ-тағы сайлаудан кейін Иран Израильге шабуыл жасауы мүмкін

АҚШ-тағы сайлаудан кейін Иран Израильге шабуыл жасауы мүмкін
Фото: ВВС
АҚШ-та 5 қарашада өтетін президент сайлауынан кейін Иран Израильге шабуыл жасауы мүмкін

 Иран халқының рухани көсемі аятолла Али Хаменеи қарымта шабуыл жойқын болады деп мәлімдеді. Естеріңізде болса, Израиль қазан айының соңында Иранның стратегиялық нысандарына соққы жасады. Шабуыл кезінде Тегеран мен Батыс Ирандағы әскери базалар шығынға ұшыраған болатын.

 Еске салсақ, Израиль әскерилері Ирандағы әскери нысандарға әуеден соққы жасады. Израиль билігі әуе соққысы Ирандағы әскери нысандарға дәл тиіп жатқанын мәлімдеді. Израиль әскері Иранның маңызды деген қорғаныс өнеркәсібінің орталық әскери нысандарына, соның ішінде зымыран зауыттары, ұшқышсыз ұшақтарды әзірлеу және өндіру нысандары және баллистикалық зымырандарды ұшыру базаларына соққы берген болатын.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар