Жаңалықтар

АҚШ-тан депортацияланған қазақстандықтар Коста-Рикаға жеткізілді

Аталған ақпаратты Reuters агенттігі таратты

Коста-Рика үкіметі АҚШ-тан шығарылған алғашқы мигранттар тобын қабылдады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Депортацияланған мигранттарға Коста-Рикада бір ай тұруға рұқсат етіледі, осы уақыт ішінде шенеуніктер олардың өз еліне ерікті түрде оралуын үйлестіреді.

Reuters агенттігінің мәліметіне сүйенсек, бұл келісім аясында Коста-Рика түрлі елдерден келген шамамен 200 мигрантты уақытша паналатады.

– Бұл тізімде Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қытай, Армения, Түркия, Ауғанстан, Ресей, Грузия, Вьетнам, Әзербайжан, Иран, Иордания және Гана азаматтары бар, – деп жазады Reuters.

АҚШ-тағы бұл шара бұрынғы президент Дональд Трамптың заңсыз миграцияға қарсы қатаң саясаты аясында жүзеге асырылып отыр.