Жаңалықтар

АҚШ-тың төрт президентінің ДНҚ-сы ғарышқа жіберіледі

АҚШ-тың төрт президентінің ДНҚ-сы ғарышқа жіберіледі

АҚШ-тың бұрынғы төрт президентінің ДНҚ-сы 2023 жылға жоспарланған миссия аясында ғарышқа жіберіледі. Жерлеу рәсімдерімен айналысатын Американың Celestis компаниясы ашық ғарышқа АҚШ-тың бұрынғы президенттері, нақтырақ айтқанда Джордж Вашингтон, Дуайт Эйзенхауэр, Джон Кеннеди мен Рональд Рейганның генетикалық ақпараттарын Vulcan зымыранының көмегімен жіберуді жоспарлап отыр. ДНҚ «уақыт капсуласы» ретінде пайдаланылып, болашақ өркениетке қазіргі заманның биологиясы мен тарихын зерттеуге мүмкіндік береді деп күтілуде. ДНҚ-лар президенттердің шаш үлгілері сақталған Луи Мушроның (2014 жылы қайтыс болған) коллекциясынан алынды. Ол танымал адамдардың шашын жинайтын атақты коллекция жинаушы болатын. Ақ үйдің экс-басшыларының шаштарынан бөлек, «капсуламен» Star Trek (Жұлдызды жол) сериалында жұмыс істеген бірнеше команда мүшесінің ДНҚ-сы жіберіледі. Ерекше миссия туралы 20 ақпан, АҚШ-тағы Президент күні белгілі болды. Celestis-тің тарихтағы алғашқы корпоративті ұшырылымының ұзындығы 150-ден 300 миллион шақырымға дейін жетіп, Жер-Ай жүйесінен асып, терең ғарышқа енетіні жоспарланған. Зымыранның ұшатын күні әлі жарияланған жоқ.