дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 18:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақша айырбастау орындарында доллар 465-471 теңгеден сатылып жатыр

Ақша айырбастау орындарында доллар 465-471 теңгеден сатылып жатыр
ашық дереккөзі
Ақша айырбастау орындарында доллар 465-471 теңгеден сатылып жатыр
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 465- 471 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 465,5 – 468 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 467-471 теңге аралығында құбылып тұр. 4 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,62 теңгеге қымбаттап, 464,49 теңге болған. Ұлттық банктің 7 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 464, 45 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,01 теңгеге төмендеп, 7,49 теңге болды. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,05– 7, 25 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар