Жаңалықтар

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 470-475 теңгеден саудаланып жатыр

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 470-475 теңгеден саудаланып жатыр

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 470- 475 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 470 – 474 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 471 – 475 теңге аралығында құбылып тұр. 1 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,95 теңгеге төмендеп, 471, 34 теңге болған. Ұлттық банктің 2 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 471, 43 теңге. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,35 – 7,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.