Жаңалықтар

Ақшолақов шаруаларды алаңдамай жұмыс істеуге шақырды

Ақшолақов шаруаларды алаңдамай жұмыс істеуге шақырды

Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов қазақстандық шаруаларды алаңдамай жұмыс істеуге шақырды, деп хабарлайды Жамбылинфо  Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде мұнай өңдеу зауыттары фермерлерге дизельді уақытында беріп отыр. «Алдымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен жанар-жағармай құю станцияларына, содан кейін басқа тұтынушыларға (дизель отыны) бөлінеді. Себебі, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде мәселе туындамауы керек. ҚТЖ-мен келісіп, вагондарды беріп жатырмыз. Бүгінде бұл вагондар жеткізіліп, жіберіліп жатыр. Областар мен операторлар берген көлемдер бойынша біз әлі ешқандай өзгерістер мен шағымдарды байқаған жоқпыз. Алайда шағым бар. Олар алатын отынның бір бөлігі сапаға сәйкес келмейді дейді: кейбір комбайндар мен ауыл шаруашылығы техникалары сондай отыннан тоқтап қалады екен. Алайда бұл мәселеге қатысты айтарым бар: біздің МӨЗ-ден шығатын барлық отын Еуро-4, Еуро-5 стандарттарына сәйкес келеді. Сондықтан отынның сапасыз болуы мүмкін емес. Бұл жергілікті деңгейдегі қандай да бір манипуляция немесе айла-тәсіл. Оған құқық қорғау органдарының назарын аудару қажет», - деді Болат Ақшолақов. Ведомство басшысы шаруаларға қажет дизель уақытында берілетінін, ол қымбаттамайтынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жанар-жағармай қымбаттайтыны хабарланған еді.