Жаңалықтар
Ақтөбе әкімі лауазымын 1,5 млн долларға сатпақ болған
- авторjambylinfo.kz
- 13 шілде, 2022
- 346
Ақтөбе әкімі лауазымын 1,5 млн долларға сатпақ болған
Алаяқтар Ақтөбе әкімі лауазымын 1,5 миллион долларға сатып алуды ұсынған. Бұл туралы "Ұлттық қауіпсіздік комитетіне – 30 жыл" фильмінде айтылды, деп хабарлайды Жамбыл инфо, Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Деректі фильмде хабарланғандай, қылмыскерлер өздерін жоғары лауазымды шенеуніктердің көмекшілеріміз деп таныстырған.
"Бұл биыл болған оқиға, бір жарым миллион долларға Ақтөбе қаласының әкімі қызметін ұсынған. Олар 30 миллион теңге көлемінде аванс беру кезінде ұсталды", - делінген фильмде.
Айта кетейік, осыдан тура 30 жыл бұрын 1992 жылдың 13 шілдесінде ел Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды. Бүгінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесіне, барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметіне, мемлекеттік шекарасын күзетуге, үкіметтік байланыс қызметіне және «А» арнаулы мақсаттағы қызметіне басшылықты, оның құзыретіне жататын қызмет салаларында ведомствоаралық үйлестіруді, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай саясатты жүзеге асырады және Қазақстан Республикасында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті орган саналады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қазақстанда жаңа Су кодексі әзірленіп жатыр
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024