сәрсенбі, 2 қазан, 2024 13:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақтөбе облысында ауыл тұрғынынан киіктің мүйізі тәркіленді

Ақтөбе облысында ауыл тұрғынынан киіктің мүйізі тәркіленді
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысында ауыл тұрғынынан киіктің мүйізі тәркіленді
Шалқар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында жедел ақпарат алды.
Ақпаратты тексеру кезінде шопан нүктелерінің бірінде, жертөленің ішінде полиция қызметкерлері 14 дана ақбөкен мүйізін тауып, тәркіледі. 44 жастағы ер адам мал бағып жүрген кезде киіктің мүйізін далада тапқанын түсіндірді.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-1 бөлігімен "Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау" сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар