Жаңалықтар

Ақтөбе облысында екі ауылды су басты

Ақтөбе облысында екі ауылды су басты

13 наурызда Қобда ауданындағы 15 үй, 28 аула аумағы, денешынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимараты, 1 кафе су астында қалды. Тұрғындар эвакуациялық пунктке көшірілген. ҚР ТЖМ мәліметінше, қазіргі уақытта үйлердің аулаларын аралау жүргізілуде, қапшықтарды төсеу бойынша шаралар қабылдануда. 6 мың м3 астам еріген қар суы сорылды. Су тасқынына қарсы іс-шараларға 35 бірлік техника, 123 адам жұмылдырылды.