Жаңалықтар
Ақтөбе облысында үш бала, бір ер адам өзенге батып кетті
- авторjambylinfo.kz
- 4 тамыз, 2024
- 438
Ақтөбе облысы, Жүргенов ауылы, Ырғыз өзенінде төрт адам ажал құшты.
Балалар өзенге ата-аналарымен бірге барған – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, «өзенге батқандардың жасы 7, 11 және 13 жастағы балалар мен оларды құтқармақ болған 39 жастағы ер адам. Көз жұмған балалардың арасында ер адамның балалары мен туысы болған», – делінген.
Мәйіттерді іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полицейлер мен жергілікті тұрғындар қатысып, судан алып шыққан.
Құтқарушылар суда қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала