Ақтөбе облысында әскери қызметші жанжал кезінде әріптесін атып өлтірді
Ақтөбе облысында әскери қызметші жанжал кезінде әріптесін атып өлтірді
Оқиға 2 желтоқсанда болған. "Қиялы" шекара заставасында келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген әскери қызметші әріптесіне өзіне бекітілген қарудан оқ атқан. Ол жедел жәрдем келгенде қайтыс болды", - деп хабарлайды Ақтөбе гарнизонының әскери прокуратурасы. "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталды.