Жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы ауылдың 8 тұрғыны газға уланып қалған

Ақтөбе облысындағы ауылдың 8 тұрғыны газға уланып қалған

Кеңқияқ, Саркөл, Шұбарши тұрғындарынан газдың өткір иісіне шағымдар түсе бастаған. Алдын ала анықталғандай, Шұбарши газ тарату станциясының жұмысы жөндеу жүргізу үшін толығымен тоқтатылған. Газ тоқтатылып, бұрандалы кран ауыстырылғаннан соң өткір иісі бар «одорант» газы жіберілген. «Техногаз» ЖШС мамандары үйлерді аралау кезінде газдың таралуын анықтаған жоқ. 8 тұрғын газбен уланған, оларға медициналық көмек көрсетілген. «Жағдай бақылауда», - деп атап өтті облыс әкімдігі.