Жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қайтыс болды

Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қайтыс болды

Қайғылы оқиға Мұғалжар ауданы аумағындағы алтын өндіретін «Юбилейное» кен орнында болған. Облыстық Еңбек инспекциясы өкілдерінің мәліметінше, жер астында 4 жұмысшы болған. Тоқ сымдарын жалғап жатқан кезде 48 жастағы электрикті ауыр экскаватор жаншып кеткен. Оқиғаның себеп-салдарын арнайы комиссия тексеріп жатыр.