Жаңалықтар

Ақтөбе облысында жол апатынан сәби қайтыс болды

Ақтөбе облысында жол апатынан сәби қайтыс болды

11 қыркүйек сағат 07:00-де Мұғалжар ауданы Сағашили аулының маңындағы Ақтөбе-Астрахань автожолының 127 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. 28 жастағы Kia-Ceed автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік құралын аударып алған. Автокөліктің салонында жүргізушінің отбасы болған. ЖКО салдарынан бес айлық қыз бала оқиға орнында қайтыс болды, жұбайы мен 2 жасар ұлы медициналық мекемеге жеткізілді.