Ақтөбеде 2 жүк көлігі соқтығысып, екі адам көз жұмды
Ақтөбеде 2 жүк көлігі соқтығысып, екі адам көз жұмды
Батыс Қытай - Батыс Еуропа халықаралық дәлізінде екі жүк көлігі соқтығысты. Оқиға орнында екі жүргізуші көз жұмды.
«Көлік Ақтөбе қаласының 35 жастағы тұрғынының басқаруындағы «SHACMAN« автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды. Ақтөбе облысының полицейлері қозғалыстың қауіпсіз жылдамдығын таңдап, қарсы жолаққа шыққан кезде шұғыл маневрден аулақ болуға шақырады»,- деді облыстық ПД баспасөз кызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Ақтөбе-Атырау тасжолының Алға ауданы Тамды ауылы маңында «УАЗ-патриот» автокөлігінің жүргізушісі қарсы келе жатқан көліктерге кедергі келтірмейтініне көз жеткізбей басып озып, «Lada - Largus» көлігімен соқтығысқан. Жолдың бұл бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және ол туралы белгілер мен қоршаулар орнатылған.